30.06.2021
443
Кім көрінгенге, көп жайға
Кім көрінгенге, көп жайға
көңілім толмай, күйініп,
өзімді өзім жегеннен
мақсатына біреуі жетті ме?
Әлде бақ маған орнай ма?
Болмаса залым сорлай ма?
Ақымақтар әлде жиылып,
ақылды болып кетті ме?
Мен жалғыз мұңды жүргеннен
өзгерте ме өмір күймесін?
Быт-шыт боп жатқан беу дүние
табар ма содан үйлесім?
Құлпырып қайта Жер-кие
ағыта ма әлде түймесін?
Дүниені таптап күн көрген
зұлымдық бірақ күшінде,
адалдық тордың ішінде.
Жазылмас дертіне жалғанның
дауа іздеп бекер қармандым,
жақындар емес арман-күн.
Дүние сырқат, жанына
бола алмайды екен – алдандым –
адалдығым, өзім, сөзім де ем.
Шығынайын өзім өзімнен.