30.06.2021
  173


Автор: Фариза Оңғарсынова

Іздеу

Сенімен кездеспегелі,
сезе алмай мен де ештеңені,
жолығып қаламын ба деп,
қараймын жанарымды егеп
сен бе деп адамның бәрін,
жетер ме саған мұңды әнім,
қай жаққа жоғалдың, жаным?
Өзіңді мен көрмегелі,
көңілім-бұлт сергелдеңде еді.
Үзілмей күдерім менің,
іздейді жүрегім де емін.
Көрсем деп тіледім керім,
таппады жаным бір тыным,
мәңгілік сағындыр, күнім!





Пікір жазу