30.06.2021
171
Тістену
Сарығұл өткен ғасырдың аяқ кезінде өмір сүрген, билікті топтан көп қорлық көрген кедей палуан екен.
Күндеңдер мына мені –
кішіртудің сол шығар бір-ақ емі.
Мен түгілі, мерт болған күншілдерден
Ақанның Құлагері.
Жүздеріңнен төгіңдер қылыш-ызғар,
содан, рас, жанымның мұңы сыздар.
Үн шығармай бәрін де ұғып тұрып,
мойындамауға тырысыңдар.
Сыртымнан ғайбат үнмен
қаралаңдар,
оқ атып найза-тілден.
Күн көріңдер, әйтеуір, қапы қалмай,
өзгені жайратумен.
Құлатыңдар мына мені –
көп өмірдің құздары, жыра, белі.
Қимылдаңдар.
Бірақ тек соның бәрі –
менің кішірмеуімнің бір-ақ емі!