29.06.2021
296

Түсіме кірдің тағы да
Түсіме кірдің тағы да, қарағым!
Бермеді маза жаныма азабың.
Күдерімді үзіп өмірден,
кетсең де жырақ өңімнен,
кетпедің бірақ көңілден.
Ұмытсам деп-ақ бұл жайды тіледім,
басқаға мойын бұрмайды жүрегім.
Шашқандай сәуле бағыма,
нәр беріп мұңды жаныма,
түсіме кірдің тағы да.