25.06.2021
  5352


Аппақ енем

Құрметті Аяулы, Ардақты, Өтттее ақкөңіл, келіндеріне зияны жоқ Аппақ енем! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға, көз қуаныштарыңызға амандық берсін, ісіңізге береке берсін! Аллахым папа екеуіңізге екі дүниенің бақытын, шаттығын берсін! Ұрпағымызбен, əулетімізбен үлгілі ,Тоқболат елінің тобырын топқа , бəйгесін атқа қосып, ер- азаматтарымызды таққа отырғызуды, ағайын- туысқанмен ауызбіршілігіміз артқан, ынтымағымыз жарасқан салихалы отбасы болуды нəсіп етсін! Енешім əрдайым біздің кемшілігімізді кешіріп, қателігімізді түзеп, отбасымыздың түтінінің түзу жағылуы сіздің арқаңыз?! Өзімнің жіберген қателіктерімнің көптігі қанша болса мен сізге соны еселеп жақсылықпен қайтарамын деп, күнде дұғада болдым. Алла бəрін көруші, естуші. Мені сізбен түзей бастады, жақындастырды, сізге деген махаббатымды ашты. Мен сізді жақсы көремін. Алтындай,асықтай ұл туып бергеніңізге, біз сияқты бір үйдің қыздарын келін етіп, өсіп, өніп, көбейіп, басымызды біріктіріп жүргеніңізге Аллаға сансыз шүкір! Ауырмаңыз! Құтты болсын жап- жаңа 56 жасыңыз! Келінің жаман болса ұлыңнан көр- демекші, осы жолдасымның əке- шешесі, бауырларына деген ерекше бауырмалдығының, құрметінің арқасында ғана Жақсы келін, жақсы əйел болады екенсің. Жалпы, кез- келген келін келген жерінің ата- анасымен, бауырларымен, ағайын- туысымен жақсы мəміледе болса ғана сыйың бар, сыйлы келін ата-анасың.





Пікір жазу