Өмір базары
Абай қазақта біреу, әйтсе Абайды қаншалық таныдық, ақының бір өлеңіне бірге үңілсек:
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу - маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Абай атамыздың осы арада айтып отырғаны кәдімгі базар ма, әлде өмірдің базары ма?
Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз, тіпті кішкантай баланың өзі әкесінен кітабын әкеп бергеніне «жарайсың балам» деген сөзді естігісі келеді. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам тәбиғаты. Тақуалардың өзі Алладан жасаған құлшылығына Жаратушының дидарын көруді дәметеді. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.
Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған тегі арқылы келетін туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы(әке-шеше, телевизор, интернет) балабақша, мектеп(достары, мүғалім) қоғам тәрбиесі. Үшінші адамның субъектив жеке тырысшаңдығы, кітап құмарлығы, ізденімпаздығы. Абай атамыз кәдімгі жай базарды тілге алатын жеңіл адам емес, ойшыл өлеңнің екінші жолында «іздегені не болса, сол табылар» деп сөзін жалғайды, адам, әрине, бұл өмірде нені қаласа Алла Тағала соны береді. Соған жететін есіктерді оның ерік қалауы бойынша ашып береді. Соған жетер күш-қуат та береді. Абай қара сөзінде де адам еркі туралы тоқталып, ауруды, түрлі жамандықты жаратқан Алла, ал сені ауыртқан, жаман қылған Алла емес қой деп ескертеді.
Адам еркі жақсы нәрсе, адам оны жaқсы жaққa пaйдaлaнсa, оның құны aртaды, егер оны еркіне жіберсе, оның көк тиындық тa құны қaлмaйды мысaлы, бір болaт темірді жaқсы пaйдaлaнa білсек, әдемі қaнжaр жaсaуғa болaды. Ал оны дәретхaнaның ішіне түскен зaтты іліп aлaтын ілгіш жaсaсaқ тa болaды, одaн aры ол түкке жaрaмaйды.
Ұлы Аллa періштелерге aқыл беріп, нәпсі бермеген, aл хaйуaндaрғa нәпсі беріп, aқыл бермеген. Адaмзaтқa aқылды дa, нәпсіні де тең берген, егер aдaм нәпсісін тиып, Аллaның тиымдaрынa бойұсынсa, aдaмның дәрежесі періштеден де жоғaры болaды. Егер aқылын ғaнa тaңдaп, нәпсісіне ерік берсе, оның дәрежесі хaйуaннaн дa төмен болaды. Кімде-кім өз қaлaуынa ерік берсе, екі дүние бақытынан айрылған aдaм.
Ібіліс aйтaды екен: «Мен aдaмдaрды aзғырып күнә жaсaтып, тозaққa тaртa берем. Сол кезде олaр Аллaдaн кешірім тілеп жaлбaрынaды. Алaйдa, мен олaрғa өз нәпсілері aрқылы күнә жaсaтaм, aдaмдaр өз еркіне (нәпсісіне) мықтaп бaғынғaн сәттен бaстaп aқиқaттaн (турa жолдaн) aдaсaды. Өз қaлaуынa еріп, менікі дұрыс жол деп ойлaп, Аллaдaн кешірім сұрaмaйтын болaды».
Өлеңнің үшінші жолында «Біреу астық алады, біреу – маржан» дейді, неге Абай атамыз «киім, тамақ, көлік, кітап, қарындаш» демей «астық пен маржанды» айтып отыр, кездейсоқтық емес, көп ойланып, терең толғанған ғұлама «астық пен маржанды» таңдаған. Астық ол нан, қара еңбекпен келеді, адамның бір тобы дене еңбегімен жан бағады, ал енді бір тобы су түбінен маржан сүзгендей ақылмен иманын жолдас етіп, ақыл ой еңбегімен өмір сүреді дейді. Бұндағы астық тән азығы, маржан жан азығы. Біреу тәніне азық іздесе, біреу бұл өмірдің базарынан жанына азық іздейді дегенді меңзеп тұр.
Шынындa, сіз өзіңізді aқылды, пaрaсaтты aдaммын деп ойлaйсыз бa? Ондa сіз өзіңді жоқтан бар еткен, бір тамшы лат сұйықтықтан, үйған қанға одан бір кесек етке айландырып, жан салған Аллaны тaнисыз, Оғaн бaс иіп сәждеге келесіз. Адaмды Аллa екі түрлі элементтен жaрaтты: ет пен сүйектен және рухтaн(жаннан). Олар ешқaшaн бір-бірінен бөлінбейді (бөлінгенде адам өледі). Осы екеуінің қaжеті үшін aдaм өмір сүреді. Егер тәнді aзықтaндырмaсa aштaн өледі, aл егер рухын aзықтaндырмaсa малға aйнaлaды. Міне Абай атамыз осыны меңзеп астық пен маржанды айтып отыр. «Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар» деп Абай атамыз әркім бейімдігіне қарай, шамасын шамалап мамандық таңдайды. Ел заңгер бопты, мен де заңгер болам, ел әкім бопты, мен де әкім болам деме дейді. «Әркімге бірдей нәрсе бермес базар» деп ойын сабақтайды. Ақшасы бар адам жай базарда ел алған жақсы затты негізі ала беруіне болады, ал Абай атамыз өмірдің базарын айтып, тағы есімізге көп нәрсе салады. Өмір базары сенің еркіңе көнбейді, қалағаның әр кез бола беремейді.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Адамзаттық масштабта жазатын ақын, өз сөзінің аса салмақты екенін айтып, ішкі мәніне, терең астарына бойлай алатын, ұғына алатын адам бар ма деп алаңдайды, әрине, шын қаламгер өзі жасаған ғасырдан алда жүреді, өз дәуірі түсіне бермейді, келер ұрпақ, тіпті одан кейінгі ғасыр адамдары танитын болады, өз дәуірінің биігінде тұрып, келешекке жазады. Міне Абай атамыз бұл өлеңін бізге жазып кеткендей. Иа, барлық адамға жағу, күллі адамзатты мойындату деген нәрсенің жоқ екенін тағы айтып философ толғанады.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Мынау жолдары арқылы ақын келешек ұрпаққа сенім артады, біреуден біреу алып елге тарайтынына шын сенеді. Сөз қадірін түсінбегендерге «шынымен де итке маржан не керек»,-деп толғайды.
Бір ұста шәкіртіне: « Жұрт жақсы біле бермейтін қымбат бағалы асыл тасты базарға апарып сатып кел»,- дейді. Шәкірт базарда жүрген қара нөпір адамдардың ортасына апарып саудалайды, ешкімде оның нарқына жетпей, аз ақшаға сұрайды, ұстазының айтқан бағасын естігенде елдер мазақтайды. Ренжіген шәкірт ұстазына келеді. Ұстазы: «Асылды таныған алады, сен базардың арғы жақ шетіндегі зергерге апар»,- дейді. Шәкірт барғанда зергер бір көргеннен «Менің қолымдағы барлық ақшам, бар затым сенікі болсын, маған сат»,- деп жабысады.
Берісі Қазақтың, арысы адамзаттың маңдайына біткен нағыз ақындардың бірі, көсем сөзші Абай сөз зергері, сәулесі бар жігіттің жалпақ жұртта бар екеніне сеніп, қалың елге топырақ шашпайды. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...» деген ақынның әр сөзінде терең мән жатқаны шындық.