Нетіп , нетіп жатқандар
Есімді еміс-еміс білетін жастамын .
Бір топ бала көрші ағаның тракторының прицепіне мініп алғанбыз . Бұрыштан бұрышқа жүгіріп ойнайтын ойын болушы еді ,күн ұзақ соны ойнаймыз .Уда - шу , жас балалар жүгіріп бос темір салдырлап жататын.
Түс кезі , көрші ағам үйден шығып бізге қарай беттеді . Соңынан жаулығы жалпылдап жеңешем көрінді . Төбе басында тұрған тракторды сырғытып келіп от алдырды да ,біз ойнап жатқан прицепті тағып үлгүрді .
Сонымен не керек , бізге түсіңдер деген ишарамен қолды бір сілтеді .Түс дегенге түсе қоямыз ба , түспейміз деп шулай жөнелдік . Ашуға булыққан ағамыз түсіңдер қане , біз шөп шауып келеміз - деп айғайға басты .Оғанда шулап түспей қойдық .
- Ендеше маған шөп жинауға көмектесесіңдер . Құлап кетпей тыныш отырыңдар . Орындарыңнан тұрушы болмаңдар- деп өзі рөлге отырды да , жеңешемді қасына отырғызып жүріп кетті.
Қысқасы ауылдан бір жарым шақырымдай жердегі қалың шөп өскен өзен бойына келіп тоқтады . Содан прицепті ағытып төбе басына тракторды қойды . Онан жеңешем екеуі жинаулы жатқан шөпке қарай кете барды . Біз болсақ күннің ыстығынан қашып прицеп астындағы көлеңкеге жайғастық . Біраз отырдық қанша отырғанымыз есімде жоқ , тек Еркін деген баланың көлге шомылайық дегеніне жүгіріп кеп өзенге қойып - қойып кеттік . Бəріміз де бала емеспіз бе , сумен ойнап бірімізге- біріміз су шашып ойын қарақ басталды да кетті . Біраздан соң ойын ушығып лай шаша бастадық .Балалық қой, мен суы кеуіп құрғап қалған қақ тасты лақтыра бастадым . Сөйтсем мен лақтырған тас Ерлан деген баланың құлағына тиіп кетіп еңіреп жыламасы бар ма?
Қорыққанымнан тұра қаштым. Қашқанда қайда қашам, сол маңдағы қалың шөптің арасына барып жасырындым . Содан әрі жаттым бері жаттым , бірақ мені іздеп жатқан ешкім жоқ сияқты . Қой неде болса шығайын деп , енді тұрабергенімде жақын маңдағы шөп арасынан жеңешемнің басы қылтиып көріндіде қайта жоқ боп кетті . О баста аса мəн бере қоймай біраз жаттым да,жəйімен тұрып қайта қарадым . Сөйтсем тағыда сол . Жеңешем басын қылтитып жан жаққа қарап - қарап алады да қайта жоғалады . Қой не де болса барайын деп, өз бойыммен бірдей шөп арасынмен жақындай түстім . Арасында тоқтап - тоқтап ,тың -тыңдап аламын . Құлағыма жəйімен - жəйімен сыбырласқан дыбыстар келеді . Бірақ анық ести алмаймын , өйткені оң жақтан соққан жел дауыстарын бөліп əкетіп жатыр . Ойымда ештеңе жоқ қызық көріп жақындай түстім.
Кенеттен : Əне ол , əне жүр - деген дыбысқа жалт қарасам , мені көріп қойған балалар соңымнан қуып келеді . Ә дедім де тұра қаштым . Қашқанда қайда қаштың деңіз . Соғыс боп жатқан майданға қарап қашыппын .Тапа - тал түсте, қып-қызыл қырғын болатынын қайдан білемін , сол қашумен келіп ағаммен жеңешемнің бас жақ тұсынан шаңды бұрқыратып өте шықтым.
Мəссағанннн :
Ағам жатыр , жеңешем үстіне шығып алған . Қос анары салбырап секіріп жатыр . Ойбай, ойбай !Мынауың қып-қызыл қанды соғысқой . Ақ тер , көк тер болған сартта - сұртты өз көзіммен көріп өттім. Өзім зымырап қашып барам , сөйте тұра : Əй мыналар нестеватыр - əй , мыналыр нестеватыр - əй деп ойлап барам . Қызық деймін да : Расындада мыналар нестеп жатыр , неге екеуі де тырдай жалаңаш ? - деп қоям .
Сөйте тұра неге бас жағынан өттім екен , неге аяқ жағынан өтпедім деп қоям . Дəмегүлдің дəмесі ғой , аяқ жағынан өтсем бірдеңе көретін сияқты боп барам
Сонда көзіммен көргенім осы болды . Кейін өстік қой , ес кіріп ер - жеттік . Осы күні ойлап қоямда : Ееее ағаммен жеңешем сол кезде "нетіп" "нетіп" "нетіп" жатқан екенғоййййййй .....деп .