19.06.2021
  148


Автор: Фариза Оңғарсынова

Келеді еріншек түн

Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында-
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер-сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.





Пікір жазу