file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.06.2021
  273


Автор: Жұмағали Саин

Қызғалдақ

Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,
Кім білді,
Бұл сырды!
Қызғалдақ жерде,
Күн көкте.
Жайды алақан
Не сұрады?
Неге сонша жалынды?
Дүние мәз,
Па, шіркін, жаз.
Күн жігіттей
Көзбен атты
Қызғалдақты.
Сұлу, сұлу.
Ойнап-күлу
Күн құмары...
Ғашық жары,
Мыңдаған...
Кездер қысқан,
Ымдаған...
— Қызғалдаққа не керек?
Көктем келді:
Әдемі бел,
Жаңбыр суы,
Самалды жел,
Енді аспанда
Маужыраған күн керек.





Пікір жазу