file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.06.2021
  187


Автор: Жұмағали Саин

Есімде

Есімде, менің есімде,
Жаздың сұлу кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...
Есімде менің бүгіндей,
Даланын қызыл гүліңдей,
Алған демің білінбей,
Қарай бердің күлімдей.
Теңіз бе, өрт пе біз кештік,
Жүрекпен ғана тілдестік,
Тамырда оттар ойнады,
Денені бір күш жайлады...
Жалғастық ыстық сезіммен,
Әзің боп кеттім өзіңмен,
Тірлік те, жан да бір болды,
Жалынды жастық жыр болды.
Есімде әлі есімде,
Жаздың қоңыр кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...





Пікір жазу