18.06.2021
  192


Автор: Жұмағали Саин

Қараш бойында

Қараштың бойы...
Түн мөлдір.
Бар ма еді жұлдыз?
Жоқ па еді?
Маздаған жалын...
Ойда тұр.
Жүректе ме еді?
От па еді?
Ұмыттым ұзақ жылдардың
Артында қалды көміліп.
Тек қана маздап жанған от
Әлі тұр көзге көрініп.
Әлі тұр Қараш бойында,
Әлі тұр менің ойымда,
Құлақта салған әнің тұр,
Жүректе жанған жалын тұр.





Пікір жазу