18.06.2021
  163


Автор: Жұмағали Саин

Колхоз таңы

Барқытқа қызыл малынып
Жерге қарап тан. күлді,
Қалғандай елді сағынып
Бір күлмеді, сан күлді...
Қарсы алды колхоз ерлері
Таңды еңбектің төрімен,
«Кел сүйіктім, кел» деді,
Күттім бір түн сені мен.
Қайтпай кеше үйіне
Қалып еді қарындас.
Комбайнның биіне
Соныменен бірге бас!
Жерде бидай, көкте күн,
Таң қалдырсын көркімен,
Қайсар қызы колхоздың
Шықсын айтқан сертінен.
Қимылдады талай қол,
Қырман басты даланы,
Еңбек қызу, егін мол,
Бақыт күле қарады.
Керуен тартты шұбалы,
Астық тием күндіз - түн,
Қарады әлем таң қалып
Құдіретіне колхоздың.
Қоршама бұлт көгімді,
Қалқып сұлу күн жүрсін.
Орып піскен егінді
Колхоз ісін тындырсын.
Қызыл арай, ақ таңдақ
Күнде бірге қабыссын!
Ер мен енбек, таңғы шақ
Тоқ басынан табыссын!





Пікір жазу