18.06.2021
179

Биік шың
Көкке бойлап тәкаппар
Жағада тұрды биік шың,
Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.
Сәуірде торлап көк тұман
Сәуледен бойын жасырды.
Сонда да тіп-тік қиядан
Мұнар боп көзге басылды.
Құтырған теңіз шу басып
Жарына соқты күндіз - түн,
Асау құз бұлтпен айқасып,
Айбатпен жанға қатпады үн.
Маңында гүлдеп бәйшешек,
Бас иді миуа ағашы.
Таласа өскен көкке өрлеп
Күн сүйді кербез шың басы.