18.06.2021
172
Майданда кездесу
Тан, атып, талай, батты .күн
Сағынғам досты көре алмай,
Кездестім қалай мен бүгін
Отырдым бірден сене алмай.
Жыр етсем бәрін, тым ұзақ,
Бір дастан, солдат өмірі.
Денеге түскен алты дақ...
Жыртылған шинель өңірі...
Қолында оның автомат,
Алдымда тілсіз тұрды жай..,
Жан қияр достық...өткен шақ,
Жарық етті бейне нажағай.
Жабыса қалдық сол кезде,
Үн қатпай жүрек сырласты,
Білмеймін қайтар ел өзге
Мөлдіреп текті көз жасты.
Жазылды құшақ... біз қатар
Атыс пен бастық алға адым.
Жан үнсіз... зырлап жауды оқтар,
Күшейді майдан... қызды күн...