17.06.2021
  185


Автор: Жұмағали Саин

Сағындым сені, достарым

Сағындым сені, достарым,
Жапанды кезген партизан,
Жолбарыстай жортқан түн,
Жер астында жанған шам:.ч
Арқырай ұшқан алаурап
Пулеметтен атқан оқ,
Жабықсам, жалғыз сырласын
Жадыратар сен де жоқ.
Жапанда жалғыз бір қала
Жаныма менің «тас қорған».
Жақында еді ол мана,
Жан досыма не болған?..
Жатырмын мұнда мен неге,
Жарағым қайда бес қару?!
Жалынбас ғұмыр пендеге
Жалынды жүрек болдың у,
Қасыма келші біреуің,
Қанжарым қайда... автомат?
Қанды кешер кезімде
Қайдан тап болған кровать?
Қамқорым менің жас қана,
Украин қызы қарындас,
Қамықтырма ағаңды,
Бер тілегін, қақпанды аш!..
Уа, партизан, партизан!
Жау жүрек сендер арыстан,
Жойқын жорық болсын қан,
Сен ыстықсың жалыннан.
Сен қымбатсың жарымнан,
Сағындым сені, достарым!
Сағындым сені, партизан!
Сәні жоқ жатқан өмірдің,
Сауығар жарам... аққан қан..
Сабыңа қайта тұрармын.
Саусылдап қару бойымда,
Сан қамалды бұзармын,
Сабылып түннің қойнында»





Пікір жазу