meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.06.2021
  191


Автор: Жұмағали Саин

Алты сөз

«Мағынасы жоқ» кейбір сөздің.
Қара тастай зілі бар,
Көзге ілінбес кейбір жанның
Таң-тамаша сыры бар.
Адам нанбас өтіріктің
Әлденендей шыны бар,
«Алпыс құлаш» нар кескеннің
Алты қарыс қыны бар.
Ерге біткен ет жүректің
Алуан - асыр түрі бар,
Томсырайған тас түнектің
Бір жарқ етер күні бар.





Пікір жазу