17.06.2021
164
Менменге
Ақылым сенен артық деп
Асқақтап менен нетесің?
Басқалар бір «тантық» деп
Жалғыз сен кімге жетесің,
Өрт таптаған жердей-ақ
Маңайың гүлсіз қараяр,
Жайыңды көріп жабырқап
«Сорлы» деп сені жан аяр.
* * *
Жабықсаң жаман қасында
Жаныңа ажал төнді дер,
Еңкейіп басың сүйемес
Ер жұлдызы сөнді дер.