meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.06.2021
  244


Автор: Жұмағали Саин

Сүйемін қызыл гүлді

Сүйемін мен қызыл гүлді
Жанымменен тең көремін.
Күлімдеген гүлім сынды
Жер көремін — ел көремін.
Маған бақыт көрінеді
Гүлдің әрбір шоқтарынан.
Маған інжу төгіледі
Гүлдің қою топтарынан.
Қызыл гүлім, жайқала бер,
Шоқтарыңды алтындатып.
Тақсын сені бақытты ер,
Кеудесіне жарқылдатып.





Пікір жазу