16.06.2021
  192


Автор: Жұмағали Саин

Ей, кешегі жетім бала

Ей, бала құс, ей, жас түлек!
Құрыш дене, болат білек!
Сен заманда ерке бұлан,
Өмір әсем күнше күлет.
Сен ақ үрпек балапансың,
Жас буынсың, балғын тәнсің,
Өткен күнде үнсіз жетім,
Қайғы тартып жылағансың.
Сені өсірген партия - ана
Арнап жырды соған ғана,
Ағыт кілтін ақындықтың
Ей, кешегі жетім бала!





Пікір жазу