meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.06.2021
  224


Автор: Жұмағали Саин

Бір ақынға

Балға астында «лирикаңыз»
Даусы шығады жылаған.
Ұрмашы, ақын, балғаменен
Сенен қолқам сұраған.
Темір емес қатты ұратын
Отқа салып, қайырып...
Сабыр, сабыр, тентек ақын,
Алма төсің майырып.





Пікір жазу