16.06.2021
  211


Автор: Жұмағали Саин

Саған, ана!

Күн құшақты, көрікті,
Октябрім — сен анам.
Бесіктен ұшқан балапан,
Жұлдызың, жаның, — балаң.
Айбының асқар алыптай,
Беріксің, ана, сенде күш.
Баурайында гүлденіп,
Өскен елі, көп жеміс.
Жұлдыздан жиі жарқырап
Күн сәулесі электр.
Бөлеулі елің нұрыңда,
Әлдиле, ана жарық қыл?!
Сәулеңде күндей жарқылдап,
Ойнайын күміс шабақтай,
Ай сұқтансын аспанда,
Албырап алтын табақтай.
Бақыттың асқар шыңында
Сен тудырған қыз бен ұл,
Сүй, құшақта, шөпілдет,
Күл, анашым, жарық қыл!





Пікір жазу