16.06.2021
  141


Автор: Жұмағали Саин

«Колхоз жолына»

(«Колхоз жолы» газетінің тұңғыш шығуына)

«Колхоз жолы»
Көптің қолы,
Көп дегенім еңбекші.
Газет айна,
Айдан айға!
Көптен өсіп еңбекші.
«Колхоз жолы»
Көптің қолы,
Жай тамырды ауылға!
Айтып ақыл,
Іске шақыр,
Өссін өнім ауылда!
«Колхоз жолы»
Көптің қолы,
Колхоздың дос тілі бол!
Көппен көркей,
Көппен есей,
Бізден сізге тілек сол.





Пікір жазу