16.06.2021
1383
Қызыма туған күнге тілек
Құтты болсын Айша қызым туған күнің
Алланың берген сыйы саған бүгін,
Ата-анаңды қуанышқа бөлейтұғын.
Атыңды азан айтып қойған күнің.
Шарықта қанаттарың талмасын,
Бұл өмірде Алла сені қолдасын...
Ауырма, шаршама, бақытты бол!
Ендігі алға қойған талабың мол,
Менің саған тілерім бар жақсылық,
Жақсының жақсыларын жалғастырып
Ең басты саған айтар тілегім,
Сан шүкір болсын сауаптарың,-
Күнделікті беретін бес уақыт қып...