16.06.2021
  5439


Автор: Самат Есмағамбетов

Қайын ағама туған күнге тілек


Құтты болсын қайнаға туған күнің

Алланың берген сыйы саған бүгін,

Ата-анаңды қуанышқа бөлейтұғын.

Атыңды азан айтып қойған күнің.



Шарықта қанаттарың талмасын,

Бұл өмірде Алла сені қолдасын...

Ауырма, шаршама, бақытты бол!

Ендігі алға қойған талабың,-

Екі жанның бақыт тойына жалғасын!



Менің саған тілерім бар жақсылық,

Жақсының жақсыларын жалғастырып

Ең басты саған айтар тілегім,

Сан шүкір болсын сауаптарың,-

Күнделікті беретін бес уақыт қып...





Пікір жазу