14.06.2021
1180
Өтірік өлең балабақшада: 6
Шыбын мініп, шіркейді жетеледім,
Қырғи қылып көбелекті мәпеледім.
Асау қарға, бүргені ұстап мініп,
Көбелектің ауылына төтеледім.
Өтірік өлең айтып елге жақтым,
Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.
Шегірткенің айғырын ұстап мініп,
Ауылын көбелектің зорға таптым.
Керегенің басында үрген бүйен,
Көтергенде босайды жүйе-жүйең.
Айт десең де айтпаймын өтірікті,
Көтере алмай жығылды атан түйем.