14.06.2021
701
Өтірік өлең: 4
Шылым шектім қарғаның қу басынан,
Арқан естім тышқанның шудасынан.
Алдыма он қоянды өңгеріп ап,
Арыстан өте шықтым дәл қасынан.
Керегенің басында тоғыз қарын,
Көтере алмай жығылдым соның бәрін.
Керегенің басында он жеті құрт,
Өлең айтып отырмын ағайын-жұрт.
Бір қоңызға қырық адам мінгесіпті,
Бүркіт пен түлкі бүгін тілдесіпті.
Қыз берсең де айтпаймын өтірікті,
Қырқын да шыбын теуіп өлтіріпті.