13.06.2021
264
Жаңғырық
А. С. Пушкиннен аударма
Аң орманда ұли ма,
Дабыл қаққан сырнай ма,
Шатырлай ма найзағай,
Сай жақта қыз жырлай ма —
Мейлі қандай үн.
Үніңді еркін һауада
Қосуға сен дайын.
Көк күрсінтсе найзағай,
Дауыл, толқын дауысына;
Тауда малшы салса айғай —
Жауабын алатын;
Үніңе үн жоқ...
Дәл сондай сен де, ақын!