13.06.2021
  229


Автор: Ілияс Жансүгіров

Қос қарға

А. С. Пушкиннен аударма

Қарғаға қарға жақындап,
Қарғаға қарға қарқылдайт:
«Қарға-ау, бізге жем бар ма?
Жемді көрер жер бар ма?»
Қарғаға қарға жауапта:
«Білем, жадар тамаққа;
Өлтірілген бір батыр,
Тал түбінде сол жатыр.
Heгe, өлтірген кім еді,
Сұңқар ғана біледі,
Тұлпар ғана білуші ед,
Білуші еді келіншек.
Кетті орманға сұңқар да,
Мінді дұспан тұлпарға.
Күтті келіншек бірісін,
Өлгені емес, тірісің».





Пікір жазу