13.06.2021
382
Ұйқысыз түндегі өлең
А. С. Пушкиннен аударма
Келмейді ұйқым, от та жоқ;
Қараңғы, ұйқым мазасыз.
Тек ұдайы бір дабыс
Беріп сағат тұр жуық-
Паркий кемпір күбірі,
Түннің ұйқысырауы.
Өмірдің тышқан қыбыры,
Тыншытпайсың неге әлі?
Күңгірт күбір сен несің?
Бастан кешкен Айттың ба зар,
Өзің нені тілейсің?
Шақырасың, болжайсың
Алдымдағы күнімді?
Түсінуге мұныңды
Үйренейін тіліңді.
ұйқы Түн пушкин өлеңдері пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері