file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  13.06.2021
  226


Автор: Ілияс Жансүгіров

Сібірге хат

А. С. Пушкиннен аударма

Сібірдің шахтасының шыңырауында
Име бас, ірілік қыл, шыда, шыда,
Жойылмас азап ауыр еңбектерің,
Асқағы асқар ойдың бітпес бұ да.
Қараңғы жер астында сорға сыңар
Сол үміт — сенімді жар, үміт болар.
Сергілтер көңіліңді қайрат беріп,
Үмітпен күткен күн де келіп қалар.
Қақ жарып азап інді, азабыңды,
Сияқты жеткізгенім азат үнді,
Достық та, махаббат та жетер әлі-ақ,
Қақ жарып берік қорған қараңғыны.
Ауырлық бұғау түсер, кісен сынар,
Ашылар қараңғылық, зындан құлар.
Бостандық қуанышпен құшақ жайып,
Ұстатар қылышыңды туысқандар.





Пікір жазу