10.06.2021
  256


Автор: Ілияс Жансүгіров

Қарашаұлы Молдахметтің сөзінен

(Жаркент оязы, Тұзкөл болысы, Құрмаш ауылының Албаны)


Көріп келді бұқара
Қытайдың Күре, Құлжасын.
Қырғыз-қазақ қырылып,
Қалмақ алған олжасын.
Қатын, бала шуылдап,
Сонда көрдік түрмесін.
Көтеріп жаяу жан бақты
Қазанымен тұлғасын.
Ішуге тамақ таппады,
Қытай алып жорғасын.
Не манаптар шойрылған
Жеуге таппай жармасын.
Мынау ауқат болар деп
Беліне түйіп қармасын.
Бірінші, тапқан азығы
Таусылып құртты айласын.
Өзі жаяу, қарны аш,
Енді қайда барасың.
Шошқа қалмақ қайтейін,
Өз етін өзі жегенде,
Неге талап аласың.
Басында бүлік шығарған
Казак-орыс оңбасын.
Өлік басып, қан толған
Шаты, мұзарт, даласын.
Көмбей кеткен күн болған
Атасы мен анасын.
Тастап кеткен анасы
Көтере алмай баласын.
Осылай аштан қырылған
Шайқап бір жұрттың шарасын.
Ақырын Алла оңдасын.


... Комиссиялар жасалып, жер-жерден қашақтарды тамақтандыратын пункттер ашты. Қазақстаннан жиналған жәрдемді жеткізуге, үлестіруге делдалдық қылды. Мұндай қашақтарды қарсылайтын пункттердің үлкені қырғыздар үшін Қарақолда ашылды. Бірақ сол 1917 жылда да қазақ- қырғыз шығынының есебі алынған жоқ.


Қазан айының ішінде Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин Жетісуға келді. Куропаткин Жетісудағы көтерілісті басу туралы тығыз ретте жетісулықтарын, әскер күштерін өзі нұсқап тұрған болатын. Аяғында Жетісуға ол өзі келді. Ол жүргенде жолшыбай орыс халқы нан-тұз алып шығып, оның аяғын құшып жылады, қоңырау қағып құрмет қылды. Куропаткин оларға «уағыз» сөйледі. Қазақтар алдынан үй тігіп, ат алып шығып, «жарым патшамыз» деп табаннан тіге тұрып құрмет етті. Қол қусырып кешірім сұрады. Сондай Куропаткиннің алдынан шыққан, Қалқамыс еліндегі Қасқарау руының бір ақсақалы (атын ұмыттым) былай дейді: «Күрепетке жандарал келе жатыр деген соң үш болыс елдің «бас көтерері» үй тігіп, ат алып Қордайдан алдынан шықтық. Алматыдағы Палбауом да Қордайдан алдынан шыққан екен. Бізге Қалқамыс пен Қордай арасында жолықты. Аптамабелмен келіп, бекетке түсті. Қасында Тынышпайын деген Найман жігіт бар екен. Бекетке біраз тоқтады. Үш болыс елдің сабағы түгелімен жиналған еді, қалың қарақұрық кісі болды. Адам сөйлеп, жұбап қатуға жарамады. Сонда Күрепетке тұрып «Не айтасыңдар?!» — деді. Сонда мен тұрып: «Тақсыр! Ұлығымыз! Патшаға қарсылық қылғандар қашып-пысып жүр. Қалған жұртыңыз «құдай бір, ақ патша» деп қарап тұрмыз», — дедім. «Жақсы» кісі екен. «Ия, патшаға қарсылық қылған бұзықтардың қатты жазасын береміз, сендер бүлінбей жігіттеріңді бере беріңдер!», — деді де жүріп кетті» дейді.


Куропаткин келіп Жетісудағы көтерілісті зерттеу, оның түбінен қалдығын жоғалту туралы жинақы кірісті. Оның жалпы бір жиынға сөйлегенде былай деп сөз бастағаны бар:


«Қасқырлардың бастықтарын ұстау өте керекті, а, қалған қойдың көпшілігінің күнәсін кешсе де болады... осы жөнде мен патшаға білдіремін, бірақ бұл рақым орыстың қанын тойғанша ішкен Қарақол және Пішпектің қырғызына болмайды. Оларға болыстары (елі) түгелімен ауыр жаза бұйырылады. Ыстықкөлдің барлық өңірлері, Кебен өлкесі түгелімен қырғыздан алынады. Тентек қырғыздар Нарын өлкесіне айдалады. Бұл ауыр жаза — көтерілісшілерді жерден мақрұм қалдыру, оларға үлкен сабақ болады. Қайбір көтеріліс аса күшті болмаған жерлерде онда апатшылықты қолдан істеп қоқырақтай беруге болмас. Жетісуды басқан қайғы үлкен-ақ. Бірақ шатақты көбейтіп, оны молайта берудің керегі жоқ», — деген.


Куропаткин Алматыда тұрып жігіттің жылдам алынуына, әскерді тәртіптеу туралы, қазақ-орысты жайластыру, шабылған орыстарға тез жәрдем беру, өкімет ісін реттеу, қазақ-қырғыздың көңілін басу, көтеріліске қатысқан қазақ-қырғызды жазалау, сондай жалпақ елдерді қоныс аудару, көтерілістің қалған сарқыншақтарын түптеп құрту туралы мықтап шара қолданды. Жоғарғы өзі айтқандай, Қарақолдың оязынан (Ыстықкөл алабы) қырғыз түгел сүріліп Нарын өлкесіне жер аударылып, жеке Нарын оязы жасалды. Қарақол оязы Ертіс орыс оязы болатын болды. Пішпек оязының тау арқасы қырғыздары сүріліп, бұрынғы мекені Кебендердің өлкесі орысқа алынды. Жаркент оязынан Шалкөде, Текес өлкесі алынып, онда казак-орыстар отырғызылатын болды. Әр жерлерде казак-орыс қалалары күшейтіліп, жаңадан салынып, приставтардың тұратын учаскелері қайта жобаланды.


Қазанның 16-сында Алматыда болған Куропаткин бастатқан шенеуніктер мәжілісі Жетісуда көтерілістен кейін жер алу, жаңа үйез жасау сияқты бірқатар жоба жасады. Бұл жобаны Петроградтағы жер министріне жіберіп бекіттіріп алды. Ол мәжілістің тоқтамын түгелімен көрсетеміз:


Протокол *


1916 жылы қазанның 16-сы күні Түркістан аймағының генерал-губернаторы генерал-адъютант А.Н.Куропаткиннің төбе-ағалығымен ашылған мәжіліс.


1. Шатақ шығарған қазақ-қырғызды Қарақол оязындағы Ыстықкөл маңайынан, Пішпек оязындағы Кебен және Шу бойының біраз жерінен, Жаркент оязындағы 'Текес, Шал көдеден жер аудару туралы.


2. Тентек қырғыздарды Нарын аймағына орналастырып, өз алдына Нарын оязын жасау туралы.


3. Жер аударылған тентек қырғыздардан алынған жерлерге орыс отырғызып, өңкей орыстан Қарақол оязын жасау туралы.


4. Алматы оязының казак-орыстарын жерге жайластыру туралы.


Мәжіліске қатысқандар: Жетісу оязының соғыс жандаралы М.А.Соколов-Соколовский, мемлекет мүлкін басқарушының міндетін атқарушы және Жетісудағы келімсек жұмысын басқарушы Б.А.Антонов, Жетісу әскер басқармасының міндетін атқарушы Н.С.Щербаков, әскер агрономы Б.Ф.Баудер, әскер басқармасының советнигі Л.П.Соловьев, келімсек аудандарында инженер-гидротехник I:.А.Смирнов, казак-орыс жерге жайласуының инженер-гидротехнигі В.В.Банишников, келімсектер басқармасының санақ басқарма сушысы А.Л.Бурхин, казак-орысты жерге орналастыратындықтың жұмыс жүргізушілері М.Ф.Вейшбиллер, Н.Н.Теплов және әскер землемері — Б.Г.Грунков.


I. Ыстықкөл маңынан және басқа жерлерден тентек қазақ-қырғызды жер аудару туралы мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан 10 шақырымды масштабты жер картасы қарауға тапсырылды. Онда көтерілісші қазақ-қырғыздардың қыстау, жайлауларының шекаралары, басқа жаққа көшірілетін шаруа мөлшері көрсетілген.


Генерал-губернатор картаны қарағаннан кейін: «қазақ-қырғыздан Текес бойы сияқты жерлердің барлығы алынуы керек. Көтерілген қырғыз-қазақ 1000-нан аса үйді өртеп, 2000-дай орысты өлтіріп кетті. Сол себепті осы жерлердің түгелімен қазақ-қырғыздардан тартып алынып, орысын отырғызуға тиістілігі жөні кеп тұрған нәрсе. Бірақ мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан алуға көрсетілген жердің картадағы шекаралардың жетпеген жері көп. Қазақ-қырғыздан әдет-ғұрып, салт жағынан ғана бөлектемей, жер жөнінен іргесі аулақ жатқан тұтас орыс жерін жасауға талпыну керек», — деді. Сондықтан жандарал: «Ыстықкөлдің оң тұстық және сол тұстық жағындағы шекара таудың басымен жүрсін, сол сықылды Жаркент оязындағы тентек Албан қазақтарының бауырындағы Текес бойы тұтасымен, Шалкөде жалпағымен, Қарқара жайлауы тегіс алынсын. Пішпек оязынан Кебен бойы, Шу бойының бірқатар жері қырғыздан алынып орысқа берілсін» деп ұсыныс қылды.


Барлық Пішпек, Жаркент, Қарақол оязынан 37355 қазақ-қырғыз шаруасы (түтіні) 2 510361 десе жерден ажырап қоныс аударылуға ұйғарылды. Осы есепті жасауға негізгі дерек болған П.П.Румянцевтің санағы болды.


II. Тентек қазақ-қырғыздан тартып алынған жерге орыс отырғызу турасында мәжіліс Ыстықкөлдің екі жағына 5 казак-орыс қаласын (станица) орнатуды мақұл көрді. Әр казак-орыс станицасында 60 үйден аз болмасын делінді. Қала салынатын жерлер: 1. Өріктіде. 2. Құрымда. 3. Бұрынғы дүңген қаласы Маріннің орнында. 4. Бұрынғы орыс қаласы Гоголевка жанында. 5. Олақолда. Одан қалған жердің тәуіріне орыс отырғызылсын да, тіпті отыруға жарамайтын жерлер әзірге қазына қарауына беріле тұрсын.


Барлық Текес, Шалкөде өлкесіне кілең казак-орыс отырғызылсын. Тіпті Қытаймен қатыса қалған күнде осы жерде бір мықты күшіміз болатын болсын.


Текестегі поселкелерде тұрған келімсектер (мұжықтар) болса, олар казак-орыс ретінде жазылсын. Егер оған көнбейтін болса, басқа жерлерге орналастырылсын.


Сөйтіп, мәжіліс алуға лайықты тапқан Ыстықкөл бойынан, Текес, Шалкөде, Қарқараны қоса бұрынғы Столыпин қаласына шейін кілең орыс отырғызылған айрықша Қарақол оязы жасалсын. Ол оязда 2 пристав учаскесі болсын: бірі бұрынғы Столыпин қаласына, казак-орыстың Охотничьий деген қаласына орнығатын болсын. Егер Столыпин қаласында пристав тұратын болса, қырғыздың тепкінінен кетір қалған қаланың бұрынғы тұрғын орыстары қайта отырғызылсын. Онда ұдайы әскер қарауылы қойылсын.


III. Қарақол оязының, Пішпек оязының бірқатар көтерілген Атеке, Сарбағыштан басқа болыстарын Нарын аймағына орналастыру керек. Ол жақта Румянцевтің санағы бойынша: 57126 десе егістік жер, 46288 десе шабындық жер, 1.836.300 десе жайылым-қыстаулық жер. Сыртты қосқанда 2.815.400 десе жайлаулық жер, барлығы 4.755.114 десе жер бар.


Көтерілген қазақ-қырғызды апарамыз деп отырған жерлерде осы күнде Қарақол оязында 9325 үй, Пішпек оязында 384 үй қырғыздар тұрады. Бұлардың үстіне көшірілетін 37355 қырғыз-қазақ үйлерін қосқанда барлығы әлгі айтылған ауылдарда 50526 үй болады. Бұл есеппен әрбір қазақ-қырғыздың түтініне 1,1 десе егістік жер. 0,9 десе шабындық жер,36,3 десе қыстау, 55,7 десе жайлау Сырттан, ал барлық түтінге 94 мың десе жер келеді. Осы жердің барлығынан өз алдына Нарын оязын жасау керек. Оның ояздық қаласы Жұмғал бойындағы Атайке қаласында болып, онда екі пристав тұрады. Жандарал... приставтың тұратын жерін ояздық қаладан гөрі де кіндігірек болатын қылып, әбден ойласып белгілеу керек дегенді ұсынды.


Осы күнгі Нарын өлкесіндегі Атайке менен Рождественский поселкесін молайтып, кеңітіп, орныққан күшті орын қылып қалдыру керек. Бұдан басқа Атайкеде ұдайы әскер қою, не ондағы мұжықтарды казак-орыс тәртібіне өткізу керек. Нарын ар жағындағы казак-орыс поселкесін (Құланақты) үлкейту керек. Келімсек мұжықтардың Сухотоновский, Титовский, Белоцарский ... және хуторларын Қарақол оязындағы келімсектер отырған ауданның біріне көшіру керек. Тоғыз тарауға, болмаса Қашқар шекарасының бір жеріне ұдайы тұратын әскер қою керек.


Нарыннан алынған учаскенің барлығын да оборонный штабтар ретінде қазыналық етіп бекіту керек. Жергіліктілердің Атбашы, Нарын қыстақтарында тұратындары әзірге тұрып қала тұрсын. Пішпек оязының аса көнесі Сарбағыш, Атеке болыстарын басқа болыстарға, ауыл-ауылға приговормен бытыратып жіберу, не Балқашқа көшірілсін.


Текес, Шалкөде, Жаркент оязындағы Албан руын жер аудару туралы генерал-губернатор әзірге оларға дайын тұрған қоныс болмаған соң, әзірге олардың шаруасын бүлдіріп алмай қоныстандыра тұруды ұсыныс етті.


IV. Алматы оязына казак-орысты жайластыру туралы генерал-губернатор 1914 жылғы 3 шілдедегі мөлшерге жетпеген жерді кесіп алу туралы шыққан законның орындалу жөніндегі Алматы оязындағы жұмыстың барысымен танысқаннан кейін келімсек жайластыратын мекеменің жоспары бойынша Алматы оязындағы казак-орыстардың станицаларына төңірегіндегі қазақ жерлерінен кесіп беру мүмкін деп тапты. Қыстауы, жоңышқасы, бақшалары алынып кеткен қазақтарға осы жөнмен алынған 947310 сом ақшадай көмек көрсетілсін және казак-орысқа алынып кеткен жерлерде қазақтар әлгіндей қыстаусыз лажсыз қалса, бес жылға шейін қала тұрсын. Мініс жануардан басқа соғыс біткеннен соң бір жыл мезгілге шейін алынған көмек үшін осы мәселе туралы соғыс министрі мен жер министрінің арасында болған келісім бойынша казак-орыстарға ешнәрсе төленбесін. Су басқаратын мекеме мен казак-орыстарды жерге иелендіретін келімсек басқарушы мекемелер жылдам қаражат қарызын сұрап алып, осы уақытта қазаққа керекті жер мөлшерін алынған жермен бірге суландыруы тиіс.


Түбіріне тиістi қолдар қойылған.


Түбірдің дұрыстығына хатшының міндетін атқарушы: (қолы танылмады).


Жоғарғы тоқтамда қазақ-қырғыздан қанша жер алынбақ болғандары, қай жерге қандай халық отырғызылмақ болғаны айтылған. Бұл қамға өкімет сол жылы күзден бастап-ақ кірісті. Қыстай шұбап келіп жатқан қырғыздарды Нарын тасына иіре берді. Одан басқа ескі қонысына қайтқан қырғыз-қазақты жергілікті көрші орыстар талап, шауып, өлтіріп, оз бетімен екім қылып жатты. Бұрынғы мекеніне жолатпады. Қазақ-қырғыздың өз қонысына қонғаны 1917 жылдың жазында болды.


Ал енді көтеріліс кезінде шыққан орыс шығынына келелік. Әрине, мұнда есеп-қисап болды. Әдейі науқан жүргізілді. Келімсектерді жайластыратын мекеме дәлдеп тұрып санақ алды. Санақ мекемесінен әдейі адамдар жіберілді. Жер-жердегі қала қауымдары жаланы қазақ-қырғызға жаба беріп, әрине асырып мағлұмат бермеді деуге және болмайды. Ондайлар да болған шығар. Кей жерде бүлінген нәрсені ақшаға шаққанда көтеріңкі бағамен де бағаланған жерлері болды. Көтерілістен бұрын жоғалған малдар да көтерілістің шығынына есептелген.


Өкімет тарапынан жоғары науқан жүргізіліп, қыстай есеп алынумен болды. Есепке қатысқандар өте қиыншылық көрді. Пошта аттары таланған. Стансалар таланған. Телеграфтар үзілген. Қатынас ауыр. Сондай қиыншылықтар орыс арасындағы есеп алу жұмысын 1917 жылдың көкек айына дейін созақтатты.


Сондағы алынған санаққа қарағанда:
























Ояздар



Шығындадым деп берілген арыздар



Ақшаға шығын шаққанда мөлшері



Жалпы сомаға пайыз жағынан



Қарақол


Пішпек


Жаркент


Алматы



5665


3118


698


511



2073268


6785007


4238711


218052



6,49


2,12


1,33


0,05



Барлығы



9992



13315038



9,9



Бұл шығындарды топқа бөлгенде мынадай:





















Топтар



Шығындадым деп берген арыздар



Шығынның мөлшері (сом)



Келімсек мұжықтар


Казак-орыс


Тұрғын мұжықтар


Түрлі шендер



5204


575


3767


446



14696635


15598981


14822075


1182788



Барлығы



9992



46300479



Бұл санаққа қарағанда көтерілісте аса шашылған Қарақол оязының келімсектері көрінеді.


Адам шығыны да Қарақол оязында өзге ояздардан ерекше. Мұны төмендегі цифр көрсетеді.


















































Ояздар


Қарақол


Пішпек


Жаркент


Алматы



Өлгендер



Жан



Ауыр жаралы



Жеңіл жаралы



Тұтқынға алынғ. Дерексіз жоғалғ



Жан



Ерк



Ұрғ



Ерк



Ұрғ



Ерк



Ұрғ



Ерк



Ұрғ



1088


174


37


16



702


36


19




1790


210


56


16



29


12


6




49


6


7




16


31


5




18


12


5




302


116


22


2



550


121


24


24



852


237


46


3



Барлығы



1315



757



2072



47



62



52



36



442



719



1138



 





















Ояздар



Өртенген үйлер



Өртенген үйлердің, жалпы зиянның пайызбен салғасы



Қарақол


Пішпек


Жаркент


Алматы



1554


468


264




42,1


14,9


57,8




Барлығы



2286


 

 





















Ояздар



Бүлінген үйлер саны



Қанша сома тұрады



Қарақол


Пішпек


Жаркент



13243


2916


2294



254376715


56681205


30890905



Барлығы



18453



341948825



 

































Ояздар



жылқы



сиыр



Ұсақ мал



Барлығы



Жалпы санының пайыз салмағы (орыс)



Жалпы малдан



Алматы


Жаркент


Пішпек


Қарақол



236


3791


3797


22678



637


7588


16642


46368



294


24940


24272


112930



1167


36250


44711


181976



0,97


70,3


32,09


100,0



0,08


4,38


2,21


11,13



Барлығы



30502



71235



162436



264104



57,1



4,45



 




















Жылқы



Сиыр



Ұсақ мал



Басқалар



Барлығы



1082294



900551



7316707



105564



9414116



 













644849



572249



4314306



72930



5604334



 














Қарақол оязынан


Пішпектен


Жаркенттен


Алматыдан



6148377 сомдық мал


1946044,1 ...


1581446 ...


76659...



Барлығы



9752526,1



 





















Топтар



Таланған, жоғалған мал саны



Жалпы мал санын шаққанда пайыздық мөлшері



Тұрғын мұжықтан


Келімсектен


Түрлі шендерден


Казак-орыстан



122530


87394


35437


18809



46,4


33,0


13,4


7,2



Барлығы



264170


 

 
























Ояздар



Жоңышқа



Шоп



Сомасы



Қарақол


Пішпек


Жаркент


Алматы



82692 пұт


1465376


851375


40



2111060 пұт


81764


666976


28930



78115,2


370717,6


1872199,0


14662,0



Барлығы



2399483



2888735



2338693,8



 














Қарақолдан


Пішпектен


Жаркенттен



2532125,95 сомдық


289119,54


113942,65



Барлығы



2.935188,14



Орыс егіндері иесіз далада қалды. Алуға мұршасы келмеді. Мезгілімен орыстар астығын да ала алмады. Көп астық алынбай, қар астында қалды. Бұл туралы цифр былай дейді:














Жаркент оязында бүлінген астық


Алматы оязында


Пішпекте


Қарақолда



3135 десе


694...


1700...


10816...



Барлығы



16346 десе



Көтеріліс себебінен алынбай қалған астық:














Жаркент оязында


Алматы оязында


Пішпек оязында


Қарақол оязында



1448 десе


119 десе


7838 десе


29952 десе



Барлығы



39357 десе



Ал бұған ана бүлінгенді қосқанда 55722 десе.


Мұның сомасы мөлшермен 6069532 сомдай болады.


Әлбетте мұнда бүлінген қазақ-қырғыз астығының есебі жоқ. Мұнда айтылып келе жатқан санақтың бәрі орысқа тиісті. Мұнда да Лeпci мен Талдықорған оязындағы бүлінген астықтың есебі кірмеген. Ал расында қаладан малай қашып, талай қаланың астығы жауын-шашында қалып бүлінуі көзбен көрген нәрсе.


Орыстардың үй-ібірлерінің шашылғанынан санақ мынаны көрсетеді.


















Ояздар



Ақшаға шаққанда



Қарақол оязынан


Пішпектен


Жаркенттен


Алматыдан



4102931 сомдық


1433030 ...


241203 ...


35049



Барлығы



5812213 сомдық



 














Қарақол оязында


Пішпекте


Жаркентте


Алматы



95565 сомдық құс


20508,8 ...


1424635 ...


107 ...



Барлығы



1540815,8 сомдық



 










Жаркент оязында


Пішпек оязында


Қарақол оязында


Алматы оязында



3660 сом


2176 сом


6068 сом


427 сом



Алматыдан 35049 Барлығы 5812213 сомдық Қарақол оязында Пішпекте Жаркентте Алматы 95565 сомдық құс 20508,8 ... 1424635 ... 107 ... Барлығы 1540815,8 сомдық Жаркент оязында Пішпек оязында Қарақол оязында Алматы оязында 3660 сом 2176 сом 6068 сом 427 сом байлана туды. Сол 1916 жыл Англияның Ирландиясы, Үндістаны, Африканың езілген ұлттарында да жиһангерлерге наразылық көтерілістер болды.


2. Қазақ-қырғыздың көтерілісінің түпкі ұраны орыс билеуінен біржола бұлқынып шығу. Бұл талап әуелгі қазақ- қырғыз орысқа бағынғаннан болып келе жатқан тарихы бар талаптар. Ондай қозғалыстардың бұрынғылары Сырым, Исатай, Бекет, Кенесары көтерілістері. Бұлар соғыс саясатына қарсы көтерілген жұртшылық қозғалыстары 1916 жылғы көтеріліс осылармен сабақтас.


3. 1916 жылдың қозғалысы отбасының ұрыс-таласы емес, жалпақ жұрт қатысқан, қара бұқара көпшілігімен жасаған саяси көтеріліс, езілген ұлттық езгіге қарсы қылған қимылы, жұртшылық көтерілісі.


4. Көтерілісті тұңғыш туғызған, тыңнан шығарған майданға жігіт алу жарлығы емес, Орыс қазақ-қырғызды жаулап алғаннан шиеленіп келе жатқан неше түрлі шаруа,саясат, әлеумет, ел билеу, ұлт араларының қайшылықтары болып келеді. Ондай пісуі жеткен бітеу жараны сұғып алған біз «25-маусым жарлығы» болды.


5. Жетісудағы көтерілісті туғызуға бұрыннан шындап келе жатқан негізгі үш мәселе бар еді. Оның біріншісі — жер-су мәселесі. Мұны түйдектеп бір сөзбен «шаруа шатағы» десек дұрыс болар. Қазақ-қырғыз жерден айрылды. Қыстауы кетті. Судан айрылды. Ел кедейленді. Жалпақ жұрт қалаға малайланды. Қолындағы байлығы жоқ болса, ілгеріде күнелтерлік үмітті несібі, қонысы, арық-тоғаны, мекені болмаса, сансыз алым, елді діңкелетті, жалпы бұқара енді оның үстіне 19 — 45-тің арасын майданға аламын дегенге шамасыз болса да бір қимылдамай қалуға (көтерілмей) лажсыз еді. Екінші - ұлт мәселесінің нашарлығы. Орыс алғаннан қазақтың қара бұқарасымен санаспай жаулаумен келді. Орыс ұлты өкімет әлпештеуінде болды. Қазақ «өгей» болды. Өкіметтің екі ұлтқа көзқарасы екі түрлі болды. Бірі «әкім», бірі «құл» сықылды болды. Оның үстіне бір-біріне тіршілігі жанаспайтын, бірін-бірі шаруа жүзінде, тіршілік таласында бірін-бірі алып, әлді жеумен, нашары жем болумен келді. Бірі — қала, бірі — дала. Бірі — отырықты, бірі көшпелі. Оның үстіне өкімет «орыстың жауы — қазақ-қырғыз» деп мылтық үлестірсе, тентегін тыймаса, «өгей» елді «тентек» қып жылата берсе (күндердің) күнінде көтерілмеуге мүмкіндігі жоқ еді. Үшінші — капиталдың салқыны қазақ аулына араласып, ауылда тіршілік түрінің жіктелуі туа бастағандығы. Қазақтың байы саудагерлікке, жемқорлыққа айналды. Кедей көбейді. Ақшалы адам әкім болды. Әкімдер ұрлықпен, саудагермен сыбайлас болды. Ауылда күнкөрістің тасқаяқтай қағысуы басталды. Кедейде не жер жоқ, не мал жоқ, не қолында адамшылық құқығы жоқ, шаруа сорғынына душарласып томаға-тұйық талауға түсті. Көрнеу, көмескі ауырлықтың ажырығы қара бұқараға артылды. Оның үстіне майданға жігіт алынатын болғанда қара бұқара, кедей жағы алдымен «солдат» көгеніне боздақтарының көгенделетінін күні бұрын жұрттың іші сезді.


6. Көтерілісті шу дегенде жалпы қара бұқара өзі жасады. Көтеріліс көзсіз көбелектей ретсіз, ұйымсыз, бастауышсыз тасқындап жасалды. Елдің аңғарын андаған рубасылары, өзге инабатты ақсақалдар көтеріліп кеткен көпшілік жағына шықты. Өйткені олар өз «көбінен» айрылуға лажсыз еді. Елдегі төре тұқымы, орыс әкімдерінің атқосшысы, тілмаштар, болыстар, жасауылдар, ұлықпен сыбайлас байлар, манаптар көтеріліске қарсы болды. Шама келгенше елді ірітумен, астыртын орысқа хабар берумен, елге орыс шыққанда бірге жауласумен болды. (Кей болыстардың көтеріліске қосылып кеткендері де бар. Бірақ жоғарыдай өз руынан кете алмаған лажсыздар болды.) Көтеріліс қызып алғанда рубасыларының аузына қарап қалмай қазақ- қырғыздың көтерілісін жуандар билеп кетті.


7. Көтерілісті қазақ-қырғызда саяси партия бастаған жоқ. Ол жалпы бұқараның өзінің көзсіз көбелектей тулауымен болды. Өзі көтеріліп кеткен жұртқа моллалардың, қажылардың «дін намысын», «мұсылманшылықты» әкеп тыққысы келгені де кей жерде қамшы болды. Бірақ ондайлардың ақиқи көтеріліске тауанды еңбегі болған жоқ.


8. 1916 жылғы көтеріліс тамырынан шірігі жетіп шетінеп келе жатқан патша өкіметінің құлауына тоқпақ болды. Өзінің құлақкесті құлы қара бақанымен қаптап қарсы көтерілгені тұмсығы қайтпаған өкіметке ұрған жұдырық боп тиді. Бұл Ақпан төңкерісінің...ұшыруына недәуір демесін болды.


9. 1916 жылғы көтеріліс қазақ-қырғыздың адамын азайтып, малын шашып кетсе де, орасан саяси қамауда ұстаған өкіметке қарсы елдің бетін ашып кетті. Елдің еті үйренді. Беті ашылды. Ел уытын шығарды. Қара бақан болса да қарсы қайрат болатындығын жүрегіне орнатты. «Қазан төңкерісі» болған соң, 21-жылдан кейін Жетісудағы жарлы-жалшы ұйымдасып, қара бұқара кеңес өкіметіне белсенді кірісіп кетуіне 1916 жылғы көтеріліс сабағы елді ысылдырып қосты. 1916 жылға шейін қазақ арасында тап таласы айшықталып қалған еді. 16-жылдың қозғалысы ол таласты онан ары айшықтап әкеп, осы күнгі күйге жеткізді.


(Қолжазба араб қарпінде. ҚР Орталық мемлекеттік архиві. Қор - Р-1368; тізбе - 1; іс - 56).





Пікір жазу