09.06.2021
  636


Автор: Ілияс Жансүгіров

Жақсы көрген қызық кітабым






Мен жолдамын. С. қаласынан мінген пойыз сызғытып оңтүстікке келеді. Терезеден қызарып шығып келе жатқан күн. Күн қандай қызыл! Қандай сұлу! Бірақ, пойыздың іші түгел ұйқыда. Мен ортаңғы полкіде жатырмын. Жалғыз-ақ менде ұйқы жоқ. Мен кітап оқып жатырмын. Күнмен де, ұйықтаған елмен де ісім жоқ, ұйқы және жоқ. Өз қызығым өзімде. Өйткені, оқып жатқан кітабым қызық...


Кітап қандай көңілді! Мазмұны қандай күшті! Тілі қандай тәтті! Қанымды, жанымды — бәрін осы кітабым билеп алған. Қолымдағы кітаптың құшағына толық кіргемін. Бұл кітап оқысам — демалыс, ойласам — ақыл. Ой көзімді ашады, қайратымды оздырып, жігерімді көтергендей. Бұл кітап — менің өмірдегі серігім. Бұл кітапты тауып алғалы, менің өмірге сенімім молая бастады, жаңа бір дүниеге кіргендей бола бастадым. Бұл кітап күні-түні көкейімде, көз алдымда. Мұны көзімді жұмып оқимын. Кітабым аты — Патима еді. Пойыздың полкісінде жатып, көзімді жұмып, соны ойланып келем. Сөздерін санаймын, көздерін елестетем... Сол.


17-мамыр, 1933 жыл. Вагон










Пікір жазу