08.06.2021
  271


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Байланысшылардың құлағына "күміс сырға"

Әлде біреумен танысқың келсе,
Сөзбен біреуді шанышқың келсе,
Эфир үстінде сөгіс есітіп,
Көрмей - білмей алысқың келсе:
Телефонды алып сөйлесіп көр.
Танысыңды шақырсаң,
Танымасаң киліккен,
Қып-қызыл дауға басың іліккен
Ұрысатын бұрынғыдай қыздар жоқ,
Қанша дірілдесең де,
Қанша дүрілдесең де,
Сөзіңде ызғар жоқ
Осындайды көргің келсе,
Бітпес дауға кіргің келсе,
Телефонды алып сөйлесіп көр.





Пікір жазу