08.06.2021
  280


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға"

Күлмес жерде күлгің келсе,
Білмесіңді білгің келсе:
Кемпірді аймалап,
Келіншекті сүйгің келсе:
Құлақшыныңды ұшырып,
Біреудің бөркін кигің келсе,
Жағаңды етек қылып,
Бар түймеңді үзгің келсе,
Біреуді қошқар боп,
Тұмсығыңмен сүзгің келсе,
Қысылмас жерге қысылайын десең,
Семіздіктен ысылайын десең:
Автобусқа мініп көр!
Әлде біреумен ұрысқың келсе.
Қарап тұрып жұлысқың келсе:
Басың іште қалып,
Ішің сыртта қалып,
Үстіңді бой-бой жыртқың келсе,
Автобусқа мініп көр!





Комментарии

Нұраина
Нұраина 04.03.2023 17:23
Зор маған ұнады

Пікір жазу