08.06.2021
239
Кітапхананың арызы
— Ауданда біз шет тұрамыз,
Кейде жым-жырт боп тұрамыз.
Жел шамалы ызың етсе,
"Бізге келеді" — деп тұрамыз.
Есікті ашса - ақ дәлізі жоқ,
Бар жылуды жоқ қыламыз.
Көбіне үйде суық тұрады,
Суық "қырыққа " жуық тұрады.
Кітап оқи келгендерді
Дірдектетіп қуып тұрады.
Суық үйде кім отырсын,
Есікте үлкен құлып тұрады.
Бірлі-жарым жабуынан
Столымыз жұрдай болды.
Құрастырсақ онан-мұнан,
Өз орнында тұрмай қойды.
Ең арғысы сиямыз да,
Сауытында қатып қалды,
Шаң-тозаңға кітап біткен,
Қабат-қабат батып қалды.
Мұз боп қатқан ішкі үйіміз,
Кітаптар тұр қырауланып.
Базданбай ма, жыл бойына —
Қоймаған соң бір аударып?
* * *
Бастық түгін білмегендей,
Көзін мықтап жұмып отыр
Айтпас едік бұл сөзді біз,
Ашынғаннан шығып отыр.
кітапхана арыз бастық Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері