08.06.2021
  209


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Перекатов қалды жатып

Біздің жолдас Перекатов,
Қалғып кетті ойлап жатып.
Көз алдында үш жүз бе екен,
Комбайн тұр шаңға батып.
Бірі көксау,
бірі сырқау,
Кесел бопты құдай атып.
Саны бес жүз комбайнды,
Күні кеше қосақтатып,
Аттандырған егістікке
Бұйрық беріп күн-түн қатып,
Енді мынау, мирық - сирық,
Жәрдем сұрап аузын ашып,
Ұмтылады бәрі бірдей —
Қыңыр жүріп қисық басып,
Өз нормасын орындамай,
Орындаса төгіп-шашып.
Бітік біткен егістіктің
Бара жатыр құты қашып...
* * *
Біздің жолдас Перекатов,
Барды-жоқты, қосып - шатып,
Ақбар сайын жаңартады,
Тұрып-тұрып желке к,асып,
Бірақ, піскен дәнді көріп,
Төзе алмайсың жаның ашып,
Қашан біздің Перекатов,
Піскен дәнді түгел басып,
Болар екен, осы жағын,
Айтқаны жөн ашып - ашып.





Пікір жазу