08.06.2021
  169


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Мығымбай

Мығымбай десе мығымбай,
Араққа тыққан тығындай.
Қойып қалса түбіне,
Ұшқалы тұрған шыбындай.
Шығатын күнің бола ма,
Жұмыс десе тығылмай,
Тамақ көрсең қалмайсың,
Өліп-өшіп суғынбай.
Арақ ішсең біржола,
Тоқтамайсың жығылмай
Елуге жасың жеткенше,
Ақылды жүрсің ұғынбай,
Бүйте берсең бұрынғы,
Бола алмассың Мығымбай...





Пікір жазу