08.06.2021
  179


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Шіркін келін

Өтесің - ау, осылай шіркін келін,
Бір күн басың ауырып, бір күн белің.
Ши тірсегің сидиып шыбыртқыдай,
Таусылмай-ақ бара жатыр зіркілдегің.
Темір тарақ шашыңнан түк қоймапты,
Айналдырған осы еді бір тірнегің.
Үсті-үстіне темекі тарта - тарта,
Әндіршегің сорайып, гүркілдедің.
Күйеуіңді, өзіңді күтсең қайтеді,
Есіткенше сөзімді бүйтіп менің.





Пікір жазу