08.06.2021
  240


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Вот и все

— Тоқтаңдар!
Жоқты соқпаңдар.
Өзара сын дейсіңдер,
Не болғанын білмейсіңдер.
Сынға мәнді көп бермесем,
Онда мен ескермес ем.
Сыпатай мені сынады ма?
Сынады.
Артынша құлады ма?
Құлады.
Сұлтан мені "сойды ма?"
Сойды.
Ол көзін жойды ма?
Жойды.
Жамал жамандады ма?
Жамандады.
Артынша табандады ма?
Табандады.
Оспан өсектеді ме?
Өсектеді.
Артынша бойын көрсетті ме
Көрсетпеді.
Онан артық не дейсіңдер,
Қайта өздерің тежейсіңдер.
Әйтпесе мен,
Біреу маған "сен!"
Десе болды қуамын,
Аузын буамын.
Жарлық пен бұйрықты,
Құтылмайтын құйрықты,
Салпыншақ - малпыншағымен,
Ескіліктің сарқыншағымен,
Бәрін қосып, жинап,
Шығарып салам "сыйлап".
Сынау да керек,
Шыдау да керек,
Бірақ, сынаудың да сынауы бар,
Артында анау-мынауы бар.
Сынды әкелсе біреу,
Менікі тек іреу...
Соямын да саламын,
Жон терісін оямын да аламын.
Өйткені, мен қоғамға мүше,
Вот и все...





Пікір жазу