08.06.2021
203
Құлады да сұлады
Кейбір маскүнемдер туралы)
Құлан иек таң атты,
Ертеңгі асқа отырды.
Тауысты екі салатты,
Бітірді бір литрді.
Әне-міне дегенше,
Түскі тамаққа отырды.
Басқалар ас жегенше,
Тауысты тағы литрді.
Көп ұзамай кеш болды,
Тағы да асқа отырды.
Қолы бүгін бос болды,
Үш литрді бітірді.
Төртінші асқа жете алмай,
Батпаққа батты, құлады,
Доңыздан ұзап кете алмай,
Қасына келіп сулады...