08.06.2021
  195


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Беттескенде

"Б "сиырға завферма,
Сөзге келсе шап берме.
Тілінің де уы бар,
Кейде арақтың буы бар.
Сөйлеп тыным таппайды,
Кейде орынсыз даттайды:
"— Кеуіп қалған тандырсың,
Емшек емес, шандырсың.
Жаз жайлауға бағамыз,
Қыс байлауда бағамыз.
Қыста жылы тұрсын деп
Жаздай қора соғамыз.
Семірмейсің сонда да,
Бүйірің шығып тырсиып.
Жүргендерің ырсиып.
Сауса сүтің шықпайды,
Жесең жеміс жұқпайды.
Бермедің деп жем-шөбін,
Бастық бізді мықтайды.
Жетпей қалған жем үшін,
Пішен - шөптің кемі үшін,
Сүт бермеген сен үшін,
Жылына алты, жеті рет
Біз аламыз сөгісін...
Тұяқтарың сыртылдап.
Әр қорадан жылтыңдап,
Біреу келсе мөңіреп
Тұрғандарың "еңіреп ",
Айтыңдаршы шындықты.
Сөйлесейік кеңірек ", —
Деді бір күн завферма,
Сөйлеп кетті көбірек.
Сиыр да оған тіл қатты,
Өтірік емес, шынды айтты:
— "Қазір кепкен тандырмыз,
Емшек емес, шандырмыз.
Өйткені түк күтім жоқ,
Күтпеген соң сүтім жоқ.
Қыстай қамыс шайнадық,
Сояуға тіс қайрадық.
Үстімізде қар жатты,
Астымыздан сыз батты.
Тоңда тоңып жата алмай,
Талай таңды атырдық.
Жұлатын шөп таба алмай,
Талай күнді батырдық.
Суға барсақ суат жоқ,
Қырға шықсақ түк от жоқ,
Қайтып келсек к,аңырап,
Бұзау біткен жамырап.
Емеді де кетеді,
Сонымен сүт бітеді...
Біле тұра осыны,
Қайта-қайта сүт дейсің,
Мол сүт алам десеңдер,
Неге дұрыс күтпейсің?
Неге жем-шөп бермейсің,
Неге келіп көрмейсің?
Неге қора соқпайсың?
Неге дұрыс бақпайсың?
Босқа бізді кінәлап,
Жиылыс сайын қақсайсың.
Шықылдаған шілдеде
Бір баспана таппайсың.
Жаздай күнге қақтайсың.
Аңғал-саңғал қораңды,
Қолпаштап мақтайсың.
Траншея дегенді
Әлі күнге білмейсің.
Бастадың да, тастадың,
Оған көңіл бөлмейсің.
Жүгерінің сабағы
Малдың сүйер тамағы,
Соны сүрлеп, көп беріп,
Неге сынап көрмейсің ?
Сонда біздің сүтіміз
Бұрқырайды бұлақтай,
Желініміз жер сызып,
Мезгіл-мезгіл шыдатпай,
Мөңірейтін боламыз,
Сауып ал деп сүтімді.
Онан артық сіздерден
Тілемеймін күтімді.
Құнарлы боп сүтіміз,
Қалыңданып қаймағы,
Көбеюі сөзсіз ғой
Сүттің берер май жағы...
Айтқанымды сен істе,
Сүт "бермесем маған серт!
Істемесең саған серт!" —
Айтты сиыр осыны.
Кездескенде бетпе-бет,
Үнсіз қалды завферма,
"Жануарым, сөкпе ", — деп.





Пікір жазу