08.06.2021
167
Көкала ат
Бәрекелді, ат бақсаң осындай бақ,
Жіп құйысқан байла да қоңырау тақ!
Сүйектері ән салсын салдыр-күлдір,
Құр тулағын қалдырып мін дағы шап!
Қуламайды. Көкала "құлайды" десең,
Шаба береді жануар "шу - айт!" десең!
Күліп барады сүйегі ыржаң қағып,
Көкаланы "өледі"деп кім айтты екен?
Айт жануар, Көкала, жүріңкіре,
Сүйегіңді ыржаңдат, күліңкіре!
Сені баққан адамның аты шықсын,
Өлмей тірі әлі өмір сүріңкіре!