08.06.2021
155
Анкет адамы
— Кімсің?
— Асылбай! —
Анығын айтқанда,
Баяғыдан осындай,
Бүгін бар, ертең жоқтарға —
Қалады ылғи қосылмай.
Ішетіні де, бөсетіні де бар,
Анығын айтсақ жасырмай.
Сауаты да шағын,
Бірақ, ешкімге бас ұрмай,
Орнынан түссе аптығып,
Төгіліп-шашылмай,
Айта беретін анкет бар,
Ескілікті досыңдай.
Бәрі сонда жазулы,
Бәрі сонда сызулы:
Парткомның да,
Завкомның да,
Аудандық аткомның да
Мүшесі болған,
Бір заманда қызулы,
Бастығы да болып қалған.
Міне, сол анкет бойынша,
Асылбай қайта шарықтайды.
Қолында анкет тұрғанда,
Қызметтен тарықпайды.
Кеше ауаткомнан тайса,
Бүгін директор.
Анкетіне қарағанда,
Солай болуы керек - дүр.
Ал, шындығына келгенде,
Оның орны бөлек тұр.
адам сықақ бастық Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері