Бір мылжыңның баяндамасы
Баяндамашы:
— Жолдастар! — деп алды.
Соның өзіне бес минут дем алды.
"Сонымен, солай..." деп тоқтап еді,
Оған тынысты бұрынғыдан да көп алды.
Ол сөзді табыстан бастады,
Табысты тіпті алыстан бастады.
Бір кесе суды құйып алды,
К,абақты мықтап түйіп алды.
Даусын бұрынғыдан да биік алды.
Бәрі орнында, бәрі жайында...
Түк жоқ ойында,
Отыра бергенде:
— Сұрау бар менде! —
Деген дауыс демде
Көбейді де кетті!
Сұрақ он-он беске жетті.
— Осы биыл мал басы түгел ме ?
Егісті де қамты, бөгелме!
Сөйле, уақытты босқа жіберме.
Столбасы столды тырсылдатты.
Баяндамашы енді ырсыл қақты.
— Қалай бәріне бірдей "сразы?"
— Малды айтыңыз, біз соған - ақ разы.
— Малды айтсам, ол енді...
Он-он бес төл өлді.
Ол, бірақ төленді.
Ал майдасы, ірісі,
Өлісі, тірісі,
Шығысы, кірісі,
Бәрін қосқанда...
Осьі тоқсанда – а - а!
Баяндамашы "А " әрпіне ілініп тұрып қалды.
Сөз сарқылып тынып қалды.
— Я, қанша?Қанша екен? — десті сұрақтар.
— Тоқтаңдар, жолдастар, шырақтар!
Бізде де бас, бізде де құлақ бар.
Жұрт ду ете түсті,
Баяндамашы бір кесе су ішті,
Сөйтіп ол желпініп алды.
— Жолдастар! — деп қойды.
Барлық көр үтірді жеп қойды.
Точкаларды кеп қойды.
Енді егіске бет қойды.
Егіске келгенде сұрау жағын
Бұрынғыдан да кеп қойды.
— Орақ басталып, бидай орылып бітті ме?
— Пішен скирдке жиылды ма ?
— Қырмандағы ұрлық тыйылды ма?
— Орақ басталуын басталды,
Пішен де шөмелеге тасталды,
Бірақ күш жетпей жатыр,
Сондықтан да кеп іс бітпей жатыр...
— Молотилке мен комбайн неге простой ?
— Простой тұруы рас қой...
Жолдас, себебін біліп сұрақ қой,
Оның бір "запасы"жетпейді...
— Сенің аузыңнан "жетпейді - ақ " кетпейді.
— Кетеді деп тұрған мен де жоқ.
— Істеуімізде кенде жоқ,
Үстеуімізде кенде жоқ,
Ал, қателеспейтін пенде жоқ,
Шынын айтқанда, ұрлық емге жоқ!
Менің айтарым мынау,
Осы бір тымау...
Дауысымды да шырылдатып,
Мұрынды да қудай атып... —
Деді де тек күбірледі,
Сезді солай түбірледі.
Столбасы оған отыр деді.
Қалған суды ол ішіп қойды,
Тек қабағын түйіп,
Қарындашын нұқып қойды...