08.06.2021
  179


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Ауановтың намысқойлығы

Апар - топыр Ауанов келеді,
Күнде бір қиқу "жау " алып келеді.
Мысқылдап күліп, кекете сөйлеп,
Өзімен бірге дау алып келеді.
Сөзінің бәрі кекесін келеді,
Желбезегі мен шекесі күледі.
"Жарықтық, үрпек бас!" "Әй, тері жаға!.."
Осындай сөздің неше береді.
"Көгенсіз, жүгенсіз, әкеңнің мазары!.. "
Оған көнбесең төтесін береді.
Жауап қайырсаң, "шығып тұр " дейді,
"Аузыңды ашпай, жұмып тұр"дейді,
"Сен кетпесең, мен кеттім!" деп,
Оқушыларға ырық бермейді.
Папкасын алып, кепкен соң киіп,
Артына бір-ақ қолын сермейді.
Жалынып-жалбарынып алып келмесең,
Намысқой жігіт қайта келмейді.
Лажын тауып уақыт өткізіп,
"Сағатында он сом ақша бер", дейді.
"Сынақ кезінде үйіме кел " дейді.
"Нашар " ешкім іліне бермейді.
"Отлично, хорошо, удқа " бір соғып,
Оған оқушы түңіле көрмейді.
Сұраудан сұрау судай ағады,
Сәл білмей қалсаң айқайын салады.
Кекете күліп, кесірлік іздеп,
Класқа жалғыз алып та қалады.
Бейауыз, бейпіл берекесі жоқ,
Кемімей күн - күн ұласып барады.
Оқу бөлімі білсе де білмей,
Қылмысты қылығын дұрысқа санады.
Ұлы мейрамда сыйлыққа ілінді,
Жаман қылығы пайдаға жарады.





Пікір жазу