08.06.2021
219
Сыныққа сылтау
Жүгіре жұлқынып тауық келді,
Қуанғаннан шауып келді.
Не болды — деді қаз жайлап,
Сұрауға ұялды қазбалап.
— Мен бәйге алатын болыппын,
Жаңа ғана бастыққа жолықтым.
— Ау, шаштаразым, жарайсың!
— Несіне таңырқап,
несіне қарайсың?
— Қалай, сен көзге іліндің,
Бүкіл облысқа біліндің?
— Құлағыңды тос, достым,
— Ал, тостым.
— Тоссаң... әңгіме мынада,
Бастықтың шашын алдым анада,
Массаж жасадым, уқаладым,
Одеколонның иістісімен духаладым,
Сипадым, сыладым,
Әйтеуір бастыққа ұнадым, —
Деді де тауық тұра жөнелді,
Айтып бара жатыр өлеңді.
Қаз жайлап күліп қойды,
Бар "құпияны " біліп қойды.
Өзінің мықтап сынағаны бар.
Сыныққа сылтау тапқан екен,
Бәйгеден мені қаққан екен.
сынық сылтау тауық қаз бастық Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері