08.06.2021
218
![](/uploads/shorttexts/author_image/1429781528-108.jpg)
Алтын сағат пен шойын сағат
Құлатай алтын сағатын,
Көрсетіп көпке тағатын.
Жұматай шойын сағатын,
Қалтасына тығатын.
Құлатай бұрып мойынын:
(Кім білген шын - ойынын)
"Жүріп тұр ма ? — деп күлді
Қалтаңда шойының?"
Қысылған жоқ Жұматай,
Жауабын тез-ақ қайырды.
— Ақылың болса Құлатай,
Болғаның жөн пайымды.
Әңгіме, емес шойында,
Яки алтын сағатта.
Басқа тұр сенің ойыңда...
Әңгіме еңбек, талапта!
сағат алтын Шойын Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері