08.06.2021
1047
Бата жаттау балаларға арналған
Ұрпағымның жалғасы,
Шөпшегімнің төл басы,
......... туып қуандым,
Болар ма екен ел басы.
Әке-шеше жасыңнан,
Табылып әркез қасыңнан,
Даналықты үйретсін,
Құс ұшырмай басыңнан.
Сендерсіңдер тірегім,
Адал соққан жүрегім.
Тату-тәтті өсіңдер,
Осы менің тілегім!