07.06.2021
277
Қоңыз бен доңыз
Қоңызға кез болды да бір күн шошқа:
— Жақсы сөз жарасымды жақын досқа.
Қит етсе "шошқа " дейсің тық еткізіп,
Одағай атымды атап бостан-босқа.
Әрине шошқаны ұят "өгіз " десең,
Өгізді ол да орынсыз "қоңыз " десең,
"Шошқа " деп шорт кетпей-ақ, сыпайылап
Болмай ма жарасымды: "доңыз " десең.
Тыңдап боп шошқа өкпесін "мырза " қоңыз,
— Орынды,— депті, сөзің, достым доңыз.
Жентельмен кішіпейіл Қоңыз досқа,
"Мерси " деп бас иіпті доңыз - шошқа.
Сонымен: "мырза " қоңыз, "сыпа " доңыз,
Көң іздеп кетті екеуі тұрмай босқа.
Қоңыз доңыз Шошқа Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері