07.06.2021
226
Құрт пен құмырсқа
Шақырып бір күн бастық құмырсқаны,
Сондағы мынау болды ұрысқаны:
— Ұятсыз, ығыр қылдың сен антұрған,
Парықсыз жан екенсің барып тұрған.
Білмейсің шіміркеніп тайлығуды,
Білесің жұрт көзінше ішіп-жеуді.
Болмайсың неге сына құрт сияқты,
Қылығы сондай майда, тінті жақсы,
Ішіне кіріп алса, амал тауып,
Білдірмей жей береді ізін жауып.
Құрт құмырсқа бастық Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері